Accessibility links

Қырғызстан соты Kloop Media қоғамдық қорын жою туралы шешім шығарды


"Kloop Media ісі" бойынша сот отырысы.
"Kloop Media ісі" бойынша сот отырысы.

Бішкек соты тәуелсіз Kloop басылымының заңды тұлғасы – Kloop Media қоғамдық қорын жою туралы шешім қабылдады. Қордың қудалануына былтыр жазда түсірілген прокурор арызы түрткі болған. Онда Бішкек прокуроры Эмилбек Әбдіманапов Kloop мақалаларының басым бөлігі "мемлекеттік және муниципалды орган өкілдерінің беделіне нұқсан келтіруге бағытталған теріс сипаттағы" материалдар деп айтқан.

Қор өкілдері шешімді сотқа беретінін мәлімдеген.

Kloop басылымы 2023 жылы қыркүйекте Қырғызстанда жабылды. Сайтты жабуды мәдениет, спорт және жастар саясаты министрлігі талап еткен. Оған Kloop сайтында жарияланған оппозициялық саяси белсенділердің тергеу изоляторында азапталуы жөнінде материал түрткі болған.

Қырғызстанда халық арасында "фейктер туралы заң" деген атпен танылған "Жалған ақпарат туралы" заң бар. Құжат мемлекеттік органдардың ресми пікірімен келісілмеген ақпаратты "жалған" деп тануға және оны таратқан жеке тұлғалар мен ақпарат құралдарын сот арқылы қудалауға мүмкіндік береді.

  • Kloop басылымы 2007 жылы негізі қаланған. Бұл Қырғызстанның мемлекеттік органдарындағы жемқорлық фактілерін зерттейтін тәуелсіз ресурс.
  • 2023 жылы Қырғызстан Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі рейтингісінде бірден 50 орынға кері сырғып, 122 орынды алды.
  • Құқық қорғаушылар елде ақпарат құралдарына қысым үдегенін айтады: кейінгі кезде журналистерді елден шығару, тәуелсіз басылымдардың сайттарын бұғаттау (Азаттық сайты да), журналистер мен блогерлерді тергеуге шақыру жиілеген.
XS
SM
MD
LG