Accessibility links

Ресей Украинаны 45 "Шахед" дронымен атқылады


Shahed 131 дроны
Shahed 131 дроны

11 ақпанға қараған түні Ресей әскері Украинаны "Шахед" дрондарымен жаппай атқылады. Дрондар Киев аудандары, сонымен бірге Украинаның оңтүстік және орталық облыстарына жіберілді.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, 45 дронның 40-ы атып түсірілген. Әуе қорғаныс жүйесі бес сағаттан астам уақыт істеген. Киевте әуе дабылы екі сағат бойы ойнап тұрған. Қала әкімшілігі Киевке бағытталған барлық дрон жойылғанын хабарлады.

Николаев қаласында билік өнеркәсіп нысандарына дрондар құлап, өрт шыққанын айтты. Жарылыс кезінде көрші тұрғын үйлер де зардап шеккен. Бір адам жараланған. Днепропетровск облысында да бір адам зардап шеккен.

Ресей Украинаны 'Шахед" дрондарымен күн сайын түнде атқылап жатыр. Онымен бірге ракеталармен де соққы жасап жатыр. Сенбіге қараған түні үш дрон Харьковтегі мұнай базасына құлағаннан кейін ірі өрт болып, оннан астам тұрғын үй өртенді, жеті адам зардап шекті.

XS
SM
MD
LG