Accessibility links

"Мариупольдегі 20 күн" фильмі Америка режиссерлері гильдиясының сыйлығын алды


 "Мариупольдегі 20 күнді" түсірушілердің бірі, Associated Press видеожурналисі Мстислав Чернов. 20 қаңтар 2023 жыл
"Мариупольдегі 20 күнді" түсірушілердің бірі, Associated Press видеожурналисі Мстислав Чернов. 20 қаңтар 2023 жыл

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кірген алғашқы күндері туралы "Мариупольдегі 20 күн" деректі фильмі Америка режиссерлері гильдиясының сыйлығын алды. Фильмді түсірушілердің бірі Мстислав Чернов деректі фильмнің үздік режиссёрі атанды.

Ал басты сыйлық режиссёр Кристофер Ноланға "Оппенгеймер" фильмі үшін берілді.

"Мариупольдегі 20 күнді" құрамында режиссёр Мстислав Чернов, фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василиса Степаненко бар Associated Press агенттігінің командасы түсірген. 20 күн қоршауда тұрған Мариупольді түсіріп, кейін Ресей әскері қаланың бір бөлігін басып алғанда ол жерден кетуге мәжбүр болған. Олар өздері түсірген видеоматериалдар Ресей әскерінің қолына түсіп, жойылып кете ме деп қауіптенген.

"Мариупольдегі 20 күн" Пулитцер сыйлығына да ұсынылған. Қаңтарда фильм Американың "Сандэнс" тәуелсіз кинофестивалінде "көрермен көзайымы" сыйлығын алған.

Картина "Үздік деректі фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығына да ұсынылған.

Фильмді Ресей мен өзге де бұрынғы советтік кеңістік елдері аумағында Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының тегін Votvot стриминг платформасынан көруге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG