Accessibility links

Моңғолияның экс-президенті Алтын Орда картасын жариялап, Путиннің аргументін мысқылдады


Цахиагийн Элбэгдорж пен Владимир Путин, 2014 жыл
Цахиагийн Элбэгдорж пен Владимир Путин, 2014 жыл

Моңғолияның 2009-2017 жылдардағы президенті Цахиагийн Элбэгдорж Ресей президенті Владимир Путиннің Америка тележүргізушісі Такер Карлсонға берген сұқбатына байланысты Х әлеуметік желісінде реакция білдіріп, Моңғол империясының (Алтын Орданың) бірнеше картасын жариялады.

"Путиннің сұқбатынан кейін Моңғолияның тарихи картасын қарап шықтым, — дейді Элбэгдорж. — Алаңдамаңыздар. Біз бейбіт және еркін елміз".

Элбэгдорж Украинаға басып кіргенін ақтағысы келетін ресейлік пропаганданың басты тезистерінің бірін мысқылдаған. Кремльдің "Украина жерінің үлкен бөлігі кезінде Ресей империясының құрамында болған" дейтін негізгі аргументі бар. Путин мұны Карлсонға берген сұқбатында да қайталаған.

Қазіргі Ресей аумағының елеулі бөлігі 13-17 ғасырларда Алтын орда империясы құрамында, кейін оның мұрагерлерінің бақылауында болған. Моңғолияның бұрынғы президенті жариялаған картада нақты шекара көрсетілмеген.

  • Моңғолия Мәскеумен саяси және экономикалық тығыз қатынастағы ел саналады. Моңғолия мектептерінде орыс тілі оқытылады. Бұл ел Ресейдің Украинаға басқыншылығы жөнінде бейтарап саясат ұстанған. Алайда 2022 жылы Элбэгдорж Путинді басқыншылықты тоқтатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG