Accessibility links

Путин сайлауалды дебатқа қатысудан тағы бас тартты


Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин сайлауалды дебатқа қатысудан бас тартты. Ол дебаттарға ешқашан қатысқан емес.

Путиннің сайлау штабы орталық сайлау комиссиясына кандидат дебатқа арнайы бөлінетін тегін теле- және радиоэфирден бас тартқанын хабар етті, деп жазды орталық сайлау комиссиясы.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің пікірталастан қашқақтауын оның "тығыз жұмыс кестесімен" байланыстырды.

Путин түрлі себеп айтып, сайлауалды дебаттарға ешқашан қатысқан емес. Кей жылдары Путин оны "арсыз әрекет" деп атап, одан еш пайда жоғын айтқан. Ал Песков Путин дебатқа қатысу үшін оған демалыс пен "онымен деңгейлес" қарсылас керек деп мәлімдеген.

2024 жылғы президент сайлауына қатысатын үміткерлер Владислав Даванков («Новые люди»), Леонид Слуцкий (Ресей либерал-демократиялық партиясы) және Николай Харитонов (Ресей коммунистік партиясы) 19 ақпанда бес федералдық арна және үш радиостанцияда пікірлерімен алмасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG