15 ақпанда Теміртауда екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат қирады. Оқиға орнынан өрт шығып, 10 жарым шамасында оқшауланған.
Құтқарушылар үйінді астынан бір әйелдің денесін шығарды.
"Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді" деп хабарлады төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі.
Үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін екені хабарланды.
Дүкенде газ жарылысы таңертеңгі сағат 8 шамасында болған. Жарылыс себебі анықталып жатыр. Дүкен табиғи газға қосылған деп айтылады.
ПІКІРЛЕР