Accessibility links

"Қазақстан Темір жолы" Әлия Назарбаеваға тиесілі билет сататын компаниямен келісімді бұзды


“Қазақстан Темір жолы” экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі билет сататын компаниямен келісімді бұзды. ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бері билет сатумен “Мобильный портал” ЖШС айналысып жатыр.

“1 желтоқсаннан бері [Әлия Назарбаеваның] компаниясымен келісім бұзылды, қазір “Мобильный портал” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді” деді Ахметжанов. Оның сөзінен “Власть” үзінді келтіреді.

Ахметжановтың сөзінше, ҚТЖ жаңа компанияға әрбір сатылған билет үшін 29 теңге төлейді.

"Жаңа компания кімге тиесілі?" деген сұраққа ол "жеке компания екенін", иелері туралы ақпаратты реестр арқылы тексеруге болатынын жеткізді.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін елде экс-президенттің ықпалы азайғаны жөнінде болжамдар айтыла бастаған шақта ҚТЖ-ның Instant Payments серіктестігімен электронды билеттерді сату туралы келісім-шартты мерзімінен бұрын үзетіні алғаш рет хабарланған еді.

Instant Payments компаниясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты. Назарбаева – 2011 жылы құрылған серіктестіктің құрылтайшысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG