Accessibility links

Украина әскері ұзақ шайқастан кейін Авдеевкадан кетті


Авдеевка, ақпан 2024 жыл.
Авдеевка, ақпан 2024 жыл.

17 ақпанға қараған түні Украина әскері Донецк облысындағы Авдеевка қаласынан кетті. Бұл жөнінде украиналық "Таврия" әскери жасағының жетекшісі Александр Тарнавский хабарлады.

Украина әскері қаладан бас қолбасшы Александр Сырскийдің "украин жасағын қаладан әкетіп, тиімдірек қорғанысқа көшу" туралы бұйрығына сәйкес әкетілген.

Мұндай шешім "әскери қызметкерлер қоршауда қалмас үшін, олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін" қабылданған.

"Жағдайды тұрақтандыру үшін және позицияны сақтап қалу үшін шара қолданып жатырмыз. Әскери қызметкерлердің өмірі – ең жоғары құндылық" деп мәлімдеді Сырский. Ол Авдеевканы міндетті түрде қайтаруға уәде берді.

Тарнавскийдің сөзінше, бір күн ішінде Украина әскері Ресей күштерінің 30-дан астам шабуылына тойтарыс берген. Ресей жағы 20 рет әуеден соққы жасап, 150 рет артиллериядан атқылаған. Авдеевка ауданындағы елді мекендер де шабуылға ұшыраған. Кетер кезде бірнеше украин жауынгері тұтқынға түскен. Ресей қорғаныс министрлігі түсініктеме бермеді.

16 ақпанда жағдайды бақылап отырған блогерлер Авдеевка орталығындағы саябақта орыс әскерінің ту көтеріп жатқаны жөнінде видео жариялаған.

Бұған дейін Украина әскері мен шетел барлаушылары Авдеевка маңында жағдай өте күрделі екенін мәлімдеген.

  • Ресей әскері 2023 жылы қазан айында Донецк облысындағы Авдеевка қаласын басып алуға ұмтылған. Бүкіл облысты басып алу – әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, Ресей президенті Владимир Путиннің қол астындағылардың алдына қойған мақсаттарының бірі.
XS
SM
MD
LG