Accessibility links

Алматыда полиция Навальныйды еске алу акциясы туралы жазба жариялаған Kazleft белсендісін ұстады


Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы.
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы.

Алматы полициясы “заңсыз митинг ұйымдастырмақ болды” деген күдікпен Kazleft қозғалысының белсендісі Александра Ушакованы ұстады, деп хабарлады “Власть” сайты.

Ушакова Facebook желісінде Алматыдағы Ресей консулдығы алдында ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды еске алып, гүл шоғын қоюды ұсынған акция туралы ақпаратты қайталап басқан. Белсенді Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

16 ақпанда Алматы, Астана, Қостанай және Павлодарда кей белсенділер Ресей түрмесінде көз жұмған Алексей Навальныйды еске алған.

Жұма күні Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі Кремльдің сыншысы, ресейлік белгілі оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецк автономды округіндегі түрмеде көз жұмғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG