Accessibility links

Зеленский: Украинаға қарсы соғыстың салдары бүкіл әлемге әсер етеді


Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеп тұр, 17 ақпан 2024 жыл.
Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеп тұр, 17 ақпан 2024 жыл.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысының салдары әлем бойынша түрлі салаларға – экономика, саясат, көші-қон салаларына әсер етеді. Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеген Украина басшысы Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, әскери қимыл созылған сайын өзгерістер де тереңдей түспек.

Зеленский украин әскері арасындағы қару-жарақ тапшылығы, әсіресе орташа қашықтыққа ұшатын артиллерияның жетіспеуі Ресей президенті Владимир Путинді күшейтіп жіберетінін атап өтті.

Украина күштерінің Донецк облысындағы Авдеевкадан кетуіне түсініктеме берген Зеленский мұндай жағдай оқ-дәрі тапшылығы тұсында болып жатқанын айтты.

"Авдеевкадан кету қисынға сай шешім болды, жауынгерлеріміздің өмірін сақтауымыз керек" деді Зеленский.

Украина президенті сонымен бірге конференцияға қатысушыларды Ресеймен күресте күш біріктіруге шақырды. Зеленскийдің сөзінше, Ресейдің келесі басшысы кім болатыны маңызсыз, себебі әрбір ресейлік басшы сыртқы саясатта агрессияшыл саясат жүргізеді.

Зеленскийдің айтуынша, биыл Швейцарияда жоспарланған Украина бойынша бейбіт саммитте халықаралық тәртіпті қалпына келтіру мәселесі талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG