Accessibility links

Қостанай әуежайы тағы да саудаға шығарылады


Қостанай әуежайы
Қостанай әуежайы

Қостанай облысының әкімдігі қаланың халықаралық әуежайын жекеменшікке шығаруға әзірленіп жатыр. Мұны жергілікті "Алау" жаңалықтар сайты хабарлады. Басылым жазуына қарағанда, әкімдік әуежай акциясының 49 пайызын сатуды көздейді. Ресми мәліметке қарағанда, қазір кәсіпорын бағасы анықталып жатыр.

"Мемлекет меншігінен шығарудың көп тәсілі бар. Сатып алу құқығымен қоса сенімді басқаруға беруге де, тендерге, не аукционға шығаруға да болады. Құзырлы орындар осы үш тәсілдің бірін таңдайды" деді Қостанай облысы қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова.

Қаржы басқармасының уәжіне қарағанда, Қостанай облысыныда 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру мерзімінен бұрын "жабылады". Бұған дейін белгіленген нысандардың көбі жекеменшікке өткен. Оларды жалпы құны 600 миллион теңгеге сатқан, көбі аудандық БАҚ-тар мен тұрғын-үй шаруашылық нысандары.

Қостанай әуежайы акциясының 49 пайызы сатылатынын өткен апатада облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов та айтқан.

2018 жылы Қостанай әуежайы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке өткен, содан соң әуежай ғимараты мен ұшып-қону жолақтары жөнделген.

XS
SM
MD
LG