Accessibility links

БАӘ банктері қосарлы санкциядан сескеніп, Ресеймен арадағы төлемдерді шектеуге кіріскен


Біріккен араб әмірліктерінің банктері қосарлы санкцияға ілінбеу үшін Ресеймен арадағы шоттарын шектеп, компаниялар мен жеке тұлғалардың шоттарын жаба бастаған. Бұл жөнінде бизнесмендерге сілтеген "Ведомости" жазды.

Басылым сөйлескен бизнесмендердің бірінің сөзінше, банктер Ресей азаматтарының шоттарын "белгісіз себептермен де жаба бастаған".

"Ведомости" мәліметіне қарағанда, бұған былтыр, 2023 жылы желтоқсанда АҚШ президентінің қосарлы санкция туралы жарлығы себеп болған. Кредиттік ұйымдар Ресейден төлем алуды тоқтата бастаған. Төлем тізбегіне Гонконг банкі де қосылғанымен, кейін ол да бас тартқан. Бизнесмендер криптовалютамен есеп айырысуға көшкен.

Бенефициары ресейлік саналатын, бірақ Ресейден ақша алмайтын және аудармайтын банктер де қиындыққа ұшырай бастаған. "Кейбір банктер әр транзакция сайын түсініктеме құжат сұрап, көпке дейін төлем жасамауы да мүмкін" дейді газетпен сөйлескендер.

Ақпанда Түркия мен Қытай банктері де Ресей төлемдерінен тартына бастағаны хабарланған. Кремльдің өкілі Дмитрий Песков мұндай проблеманың бар екенін растап, оны АҚШ-тың қысымы деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG