Accessibility links

Еуропа одағы Навальныйдың өліміне Путин мен Ресейдің саяси билігі жауапты деп санайды


Еуропа одағы сыртқы істер министрлігінің кеңесінде отырған Юлия Навальная мен Жозеп Боррель ЕС. Брюссель, 19 ақпан 2024 жыл
Еуропа одағы сыртқы істер министрлігінің кеңесінде отырған Юлия Навальная мен Жозеп Боррель ЕС. Брюссель, 19 ақпан 2024 жыл

Еуропа одағы Ресейден Алексей Навальныйдың өлімін ашық тексеруді талап етеді және Ресейдің саяси жетекшілігін жауапқа тартуға бар күш-жігерін салатын болады. Мәскеуге жаңа санкция енгізіледі. Еуропа одағы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель осындай мәлімдеме жасады.

Еуропа дипломатиясының басшысы Алексей Навальныйдың өліміне байланысты Еуропа одағының ашу-ызасын білдіріп, жауапкершілікті президент Владимир Путин мен Ресей билігіне жүктеді.

Дүйсенбіде Еуропа одағының халықаралық істер бойынша кеңесінде сөйлеген Боррель Юлия Навальнаяға, балалары мен Навальныйдың серіктеріне көңіл айтты.

Алексей Навальныйдың өлімін Брюссель "күтпеген және жантүршігерлік өлім" деп атады. Еуропа одағы Ресейден саяси тұтқындарды дереу босатуды талап етті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG