Accessibility links

Ресей Азаттық радиосын "жағымсыз ұйымдар" тізіміне қосты


Ресей әділет министрлігі "Азаттық Радиосы/Азат Еуропа" корпорациясын елдегі "жағымсыз ұйымдар" тізіміне қосты. Тізім министрліктің сайтында 20 ақпанда жарияланды.

Министрлік Азаттық радиосын бұл тізімге Ресей бас прокуратурасының шешімінен соң кіргізіп отыр.

Сонымен Ресей билігінің тізімінде 142 "жағымсыз ұйым" бар. Бұл тізімге Ресей билігі "елдің конституциялық құрылымына, қауіпсіздігіне, елдің қорғаныс әлеуетіне қауіп төндіреді" деп санайтын ұйымдарды қосады. "Жағымсыз ұйымдарға" ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салынады, ал тізімдегі ұйымдарда жұмыс істеген, қаржы аударған ресейліктер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұған дейін Ресей әділет министрлігі Азаттық радиосы/Азат Еуропа корпорациясын, Азаттықтың Орыс қызметін, "Настоящее время" телеарнасын және корпорацияның отыздан аса қызметін "шетел агенті" деп таныған.

Медиакорпорация басшылығы "шетел агенті" тізімін "Кремльдің Путиннің Украинаға басқыншылығындағы сәтсіздіктерді жабуға тырысуы" деген.

  • Азат Еуропа/Азаттық радиосы – АҚШ-тың жаһандық медиа бойынша агенттігі арқылы конгресс гранты есебінен қаржыландырылатын америкалық медиакорпорация. Медиакорпорация әлемнің баспасөз бостандығы шектеулі 23 елінің аудиториясы үшін 27 тілде ақпарат таратады.
  • Азаттық радиосының сайттары Ресейде бұғатталған. Қандай да бір қысымдарға және сайттың бұғатталуына қарамастан, Азаттық радиосының Орыс қызметі жұмысын толық көлемде жалғастырып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG