Accessibility links

Эстонияда "Ресей тыңшысы" деген күдікпен алты адам қамауға алынды


Эстония билігі Ресейдің арнайы қызметінің мүддесіне қарай тыңшылық жасады деп күдікке ілінген алты адамды қамауға алды, деп хабарлады полиция.

Барлығы он адам ұсталған. Олардың аты-жөні айтылмайды, алайда күдіктілер арасында Ресей азаматтары бары белгілі болды.

Тергеу болжамынша, ұсталғандар "эстон қоғамында үрей туғызып, жағдайды ушықтыруға" талпынған "гибридтік операцияларға" қатысқан. Олар Ресейдің арнайы қызметінің тапсырмасымен теракт әзірлеу үшін ақпарат жинақтаған. Хабарламада кейбірі тіпті "жүзеге асқаны" айтылады, алайда жай-жапсары ашып көрсетілмеген.

Ресей билігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG