Accessibility links

Цифрлық даму министрлігі "желіде таралып кеткен мәліметтерді" тексеретінін жеткізді


20 ақпанда Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы қызметпен бірлесіп "желіде мәліметтердің таралу" фактісін тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде министрліктің Digital Ministry telegram-каналында жарияланды.

"Талдау қорытындысы бойынша тиісті ұйымдарға ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Министрлік бұл жөнінде жан-жақты мәлімет бермеді және ұйымдардың атын атамады.

Мекеме сонымен бірге қазақстандықтарды қауіпсіз әрі жеңіл құпия сөздерді қолданудан бас тартып, белгісіз сілтемелерді ашудан аулақ болуға шақырды.

18 ақпанда GitHub порталына қолданушылардың деректері жарияланып кеткені жөнінде мәлімет тараған. Деректердің түпнұсқалығы әзірге расталған жоқ.

Болжам бойынша, мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін қытайлық I-Soon компаниясы жинаған. Мәселе аталған компанияның тыңшылық бағдарламасы жөнінде болуы мүмкін.

Мәліметте Beeline, Tele-2, “Қазақтелеком” абоненттерінің деректері де бары хабарланды.

Қазақстандық байланыс операторлары әзірге түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG