Accessibility links

Ташкент қарақалпақ белсенділерін Қазақстан көмегімен қудалап жатыр

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай.
Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай.

Өзбекстанның автономды облысы – Қарақалпақстандағы адам құқықтарының бұзылуы жөнінде дабыл қағып жүрген Ақылбек Мұратбай Алматыда қамауда отыр. Ташкент оған "қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасады" деген айып тағып, Қазақстаннан белсендіні ұстауды сұраған. Қазақстанда жүрген қарақалпақ белсенділері бұған дейін де ұсталған. Өзбекстан билігі Қарақалпақстандағы белсенділікті басып-жаншуға барын салып жатыр.

Өзбекстан азаматы Ақылбек Мұратбай былтыр Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне шақырту алып, өзбек дипломатынан көңіліне күдік ұялатқан кеңес естіген.

Өзбекстан бас консулының кеңесшісі Мұратбайды (Мұратов) Қарақалпақстан туралы өткір мәлімдемелер жасамауға шақырған. Қарақалпақстан – Өзбекстанның автономды өңірі. 2022 жылы өңірде үкіметке қарсы наразылық болып, соңы жаппай тәртіпсіздік пен қуғын-сүргінге ұласты.

Мұратбайдың айтуынша, дипломат ақпарат құралдары белсендінің интернеттегі жазбалары мен сұхбаттарын әсірелеп жеткізуі мүмкін деп алаңдаған.

10 жылдан бері Қазақстанда тұратын 35 жастағы қарақалпақ азаматы дипломаттың кеңесін өзін қорқыту амалы деп түсінген.

2022 жылы тамызда өзбек дипломаттары Мұратбайдың әріптесіне де ескерту жасаған. Осы ескертуден бір ай бұрын Қарақалпақстанда конституциялық өзгерістерге қарсы жаппай наразылық болған еді.

Екі аптадан кейін белсендіні Қазақстан полициясы ұстап, 1 жылға түрмеге жапты. Қазақстан заңы бойынша, полиция экстрадиция шешімін күтіп отырған азаматтарды ең көп дегенде 1 жылға дейін қамауда ұстай алады.

Мұратбайдың сөзінше, бас консул кеңесшісі күлімсіреп, "алаңдауға себеп жоқ" деген. Өзбекстанның Қазақстандағы миссиясы бұл ақпараттың рас-өтірігі жөнінде пікір бермеді. Мұратбай дипломатпен әңгіме 2023 жылдың қазан айында Алматыда болғанын айтқан.

Мұратбайды өткен аптада түнде үйінен ұстап әкетіп, Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына қамаған. Бұл белсендінің жеке бас қауіпсіздігіне алаңдауы әбден орынды болғанын көрсетеді.

Белсендінің адвокаты Инара Масанованың айтуынша, Мұратбайдың 15 ақпанда ұсталуына оған "халықты жаппай тәртіпсіздікке және қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырды" деген айып тағылуы себеп болған.

Масанованы 17 ақпанда өткен сот отырысына қатыстырмаған. Сотта Мұратбайды 40 күнге Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына жабу туралы шешім қабылданған.

Адам құқықтары жөніндегі адвокат Стив Свердлов X (бұрынғы Twitter) желісіндегі жазбасында IT маман Мұратбайдың "экстремизм" бабымен ұсталуын "ақылға сыймайтын оқиға" деп бағалады.

– Қарақалпақ дағдарысы басталғалы 2 жыл өтті. Осы уақыт ішінде қарақалпақтар арасынан шыққан ең анық, кәсіби, пайдалы дауыс иесі – Ақылбек болды. Өкінішке қарай, Қазақстан бұрын ұсталған, экстрадиция қаупі төніп тұрған қарақалпақ белсенділеріне әлі күнге босқын мәртебесін бермей отыр. Астана оларды Өзбекстанға қайтармаса да, халықаралық босқындарды қорғау құқығын пайдаланған жоқ. Ақылбек бүгінгі күннің ең үлкен сынағына айналды, – дейді Оңтүстік Каролина университетінің оқытушысы Свердлов.

"ӨЗБЕКСТАНҒА ҚАСТЫҚ ОЙЛАҒАН СЫРТҚЫ КҮШТЕР"

Өзбекстанның ресми дерегіне сәйкес, 2022 жылдың 1-2 шілдесінде Қарақалпақстанда болған жаппай наразылық кезінде 21 адам қаза тапқан. Олардың көбі – бейбіт тұрғындар.

Венадағы "Еуразияға бостандық" құқық қорғау тобының өкілдері Қарақалпақстандағы дағдарыс жөнінде есеп жариялап, қаза тапқандар саны ресми деректен 3 есе көп деп мәлімдеді.

Былтыр Өзбекстанда (Қарақалпақстаннан тыс өңірлерде) өткен сот процесі кезінде 500 адам ұсталып, ондаған азамат түрмеге жабылған.

Бейбіт халыққа күш қолданып, кісі өліміне себепкер болған әскерилердің жауапқа тартылғаны жөнінде ақпарат жоқ.

Қантөгістен кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Қарақалпақстандағы жаппай наразылықты Өзбекстанның территориялық тұтастығын бұзып, ұлтаралық кикілжің туғызуды көздеген, Ташкентке қастық ойлаған шетелдік күштер жылдар бойы дайындаған" деп топшылады.

Күшейген күзет, өртенген көлік. Наразылық болған Нөкістен фотолар

Нөкіс орталығында өртенген көлік.

Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде болған наразылықтан 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланды дейді. Ресми дерек бойынша, зардап шеккендердің ішінен 94 адам ауруханада жатыр, ауыр жараланғандар да бар. 149 адам алғашқы көмек алып, үйлеріне жіберілген. 516 адам ұсталған.
1/7 Нөкіс орталығында өртенген көлік.

Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде болған наразылықтан 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланды дейді. Ресми дерек бойынша, зардап шеккендердің ішінен 94 адам ауруханада жатыр, ауыр жараланғандар да бар. 149 адам алғашқы көмек алып, үйлеріне жіберілген. 516 адам ұсталған.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Нөкістегі әскери техника.

Өзбекстан Қарақалпақстан аумағында 2 тамызға дейін төтенше жағдай және кешкі тоғыздан таңғы жетіге дейін комендант сағатын енгізді.
2/7 Нөкістегі әскери техника.

Өзбекстан Қарақалпақстан аумағында 2 тамызға дейін төтенше жағдай және кешкі тоғыздан таңғы жетіге дейін комендант сағатын енгізді.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Қазір Нөкіста күзет күшейген.

1 шілдеде Қарақалпақстанда жұрт Өзбекстан Конституциясындағы өзгерістерге қарсы жаппай наразылыққа шықты. Ташкент Конституцияны өзгертіп, Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстаннан бөліну құқығынан айырмақ болған.

3/7 Қазір Нөкіста күзет күшейген.

1 шілдеде Қарақалпақстанда жұрт Өзбекстан Конституциясындағы өзгерістерге қарсы жаппай наразылыққа шықты. Ташкент Конституцияны өзгертіп, Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстаннан бөліну құқығынан айырмақ болған.

Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нөкіске барып, Конституциядағы Қарақалпақстанға қатысты баптар өзгермейтінін айтып, Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялады. Аймаққа Ұлттық гвардия күштері енгізіліп, ұялы телефон мен интернет жұмысы нашарлады. 3 шілдеде Мирзияев Қарақалпақстандағы наразылық кезінде адам шығыны болғанын мойындады.
4/7 2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нөкіске барып, Конституциядағы Қарақалпақстанға қатысты баптар өзгермейтінін айтып, Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялады. Аймаққа Ұлттық гвардия күштері енгізіліп, ұялы телефон мен интернет жұмысы нашарлады. 3 шілдеде Мирзияев Қарақалпақстандағы наразылық кезінде адам шығыны болғанын мойындады.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Нөкістегі күзет.

Ұлттық гвардия 4 шілдеде "Қарақалпақстанға президент келіп кеткен соң аймақта жағдай тұрақталғанын, тіршілік қалыпқа түсіп келе жатыр. Дүкен, базар, банк, әлеуметтік мекемелер, ауруханалар жұмыс істеп жатыр" деп мәлімдеді.

5/7 Нөкістегі күзет.

Нөкістегі әскерилер.

Қарақалпақстан - Өзбекстан аумағының 40 пайызын алып жатқан республика. Мұнда екі миллионға жуық адам тұрады, олардың арасында қарақалпақтар, өзбектер және қазақтар бар. Қарақалпақстан республикасы 1925 жылы құрылып, 1930 жылға дейін Қазақ CCР құрамында болады. 1936 жылы Өзбек ССР құрамына қосылған.

6/7 Нөкістегі әскерилер.

Қарақалпақстан жұрты наразылыққа шыққан сәт. 1 шілде 2022 жыл.

1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамындағы Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Алайда 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан келісімге қол қойып, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен.

Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған еді. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткен, ал уәде қағаз күйінде қалды.
7/7 Қарақалпақстан жұрты наразылыққа шыққан сәт. 1 шілде 2022 жыл.

1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамындағы Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Алайда 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан келісімге қол қойып, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен.

Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған еді. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткен, ал уәде қағаз күйінде қалды.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Previous slide
Next slide

Бұл теория шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені наразылық Қарақалпақстанның құқықтық мәртебесі өзгереді деген хабардан кейін басталды. Конституциялық өзгеріс күшіне енсе, Қарақалпақстан кез келген уақытта референдум өткізіп, Өзбекстан құрамынан шығу мүмкіндігінен біржола айырылар еді.

Мирзияев жаппай наразылықтан кейін Қарақалпақстан мәртебесіне қатысты конституциялық өзгерістерді алып тастауды тапсырды. Бірақ халық бұл шешімнен зардап шегіп үлгерді.

Өзбекстан президенті наразылықты ұйымдастырған шетелдік күштер туралы айтқанда, бір де бір елді атап көрсетпеді. Көп ұзамай Ташкент Орталық Азиядағы ең жақын көршісі Қазақстанға назар аударды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 15 сәуір 2019 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 15 сәуір 2019 жыл.

Қазақтар мен қарақалпақтардың тілі мен мәдениеті ұқсас. Астананың көрші мемлекеттегі автономиялық өңірмен ортақ шекарасы бар. 2 миллион халық тұратын автономды аймақ Өзбекстан территориясының бестен екі бөлігін алып жатыр.

Наразылықтан кейін Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Мұратбай мен диаспораның басқа да өкілдерін Өзбекстан мен Қарақалпақстан құқық қорғау органдарының және өзбек дипломаттарының қатысуымен өткен кездесуге шақырған.

Ол кезде Мұратбай диаспораның белсенді мүшесі еді. Алматыда этномәдени жиындар өткізетін. Бірақ өткір саяси мәлімдемелер жасамайтын.

2022 жылы күзде Мұратбайдың әріптестерін полиция ұстай бастады. Осыдан кейін белсенді X желісінен парақша ашып, қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдарына Қарақалпақстан туралы сұхбат беруге кірісті.

Оның соңғы сұхбаты 1 ақпанда жарияланды. 2 аптадан соң белсенді қамауға алынды. Мұратбай соңғы сұхбатында Қарақалпақстанда жастарға қарсы қатаң үкіметтік науқан жүріп жатқанын айтады. Белсенді Азаттыққа Қарақалпақстан билігі әлеуметтік желіде "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін" жазбаларға лайк басқан немесе бөліскен студенттерді жазалап жатқанын хабарлады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚУҒЫН-СҮРГІН

Мұратбайдың серігі Индира Бейсембаеваның айтуынша, осыдан кейін белсендіні Алматы қалалық полиция басқармасына шақырған.

Мұратбай 9 ақпанға жоспарланған полициямен кездесуге бара алмайтынын ескерткен.

Бір аптадан соң полиция белсендіні үйінен ұстап әкеткен. Мұратбай Бейсембаеваға хабарласып, өзін ұстауға келгендердің арасында өзбекстандық офицер де болғанын айтқан.

Мұратбай – Қазақстанда ұсталған алтыншы қарақалпақ азаматы.

Қошқорбай Төремұратов – қарақалпақ белсендісі. Мұратбайдың айтуынша, оның мәлімдемелері өзбек дипломаттарына ұнамайтын. 2022 жылы 13 қыркүйекте Қазақстанда ұсталған қарақалпақтар көшін Қошқорбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов бастады.

Тағы үш қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева, Зияр Мирманбетова мен Раиса Худайберганова бір жыл түрмеде отырып шықты.

Қарақалпақ белсенді Тілеубике Юлдашева.
Қарақалпақ белсенді Тілеубике Юлдашева.

Қазақстан аталған азаматтардың ешқайсысына босқын мәртебесін бермеді. Бұл оларға депортация қаупін туғызды. Өзбекстан азаматтығынан бас тарту да оңай емесі белгілі.

Желтоқсанда құқық қорғаушылар Астана тағы бір қарақалпақ азаматын Қазақстан төлқұжатынан айырғанына назар аударды. Қазақстан билігі шешім қабылдарда "Қарақалпақ азаматы Өзбекстан азаматтығынан бас тарту процедурасын толық өткен жоқ" деген өзбек шенеуніктерінің сөзіне сүйенген.

Бұл кісі – қарақалпақ диаспорасының көшбасшысы, Өзбекстан соты жаппай тәртіпсіздікке байланысты сырттай 12 жылға түрме жазасына кескен Ниетбай Оразбаев еді.

Өткен айда 54 жастағы Оразбаев Алматыда тұратын қызының үйінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Мұратбай қайғылы жағдай туралы ақпарат құралдарына хабарлап, белсендінің қазасын күйзеліспен байланыстырды.

Төремұратов 2014 жылы желтоқсанда туған жеріне барғанда ұсталып, Өбекстанда 3 жыл түрмеде отырған. Қазақстанда да 1 жылын қамауда өткізді.

– Түрмеде "Қазақстан неге қарақалпақтарға ресми диаспора құруға мүмкіндік беріп отыр?" деп сұрады. Бұл – олар үшін үлкен мәселе, – деген Төремұратов Азаттыққа берген сұхбатында.

Белсенді 6 жыл түрме жазасына кесіліп, Мирзияев билікке келгеннен кейін 2017 жылы бостандыққа шықты. Ислам Каримовтың авторитар билігінен кейін жаңа президент тұсында саяси жылымық орнап, біраз еркіндік берілді.

Бірақ бұл Мирзияев билігі жаңа басталған кезде болып еді, қазір бәрі өзгерді.

Қарақалпақстандағы қантөгістен кейін екі аптадан соң, Өзбекстандағы адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Феруза Эшматова бастаған 14 адамнан тұратын парламенттік комиссия құрылды.

Комиссия Қарақалпақстан дағдарысы және мемлекеттің жаппай тәртіпсіздікке реакциясы туралы есеп дайындауы керек еді.

Human Rights Watch ұйымының 2022 жылы қарашада жариялаған есебінде әскерилердің наразыларға қарсы орынсыз күш қолданғаны айтылады. Ұйым өкілдері мемлекеттік комиссия полиция мен қауіпсіздік күштеріне қатысты тәуелсіз қорытынды жариялайтынына сенбейді.

Комиссия құрылғанына 2 жыл өтті, бірақ әлі бір де бір есеп жарияланған жоқ.

– Омбудсменнен осы мәселе жөнінде сұрағанымда, "жақында есеп жарияланады" деді. Бірақ бұл жақын арада болады дегенге сенбеймін, – дейді Швецияда тұратын өзбек құқық қорғаушысы, комиссияға қарсы жалғыз сыншы Гульноз Мамарасулова.

Айдар
XS
SM
MD
LG