Accessibility links

БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Газа секторындағы жұмысын тоқтатты


Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газа секторында азық-түлік таратуды тоқтатты. Бұл туралы бағдарлама басшысы Синди Маккейн хабарлады.

Мұндай шешімнің қабылдануына сектор тұрғындарының бағдарлама қызметкерлеріне шабуылдауы, қарақшылықтың жиілеуі себеп болған.

Бағдарлама мәлімдемесінде айтылғандай, жексенбі күні босқындарға азық-түлік таратуға келе жатқан жүк көліктерін Вади-Газа кеден бекетінде бір топ аш адам қоршап алып, жүкті тонауға талпынған. Олар оқ атқан. Дүйсенбі күні жүк көліктерінің тағы бір көшін жолда тоқтатып, тонап кеткен. Жүргізушілердің бірі зардап шеккен. Азық-түлік үлестіріп жатқан уақытта да адамдар жиі төбелеседі, делінген жоба мәлімдемесінде.

Соған байланысты БҰҰ дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы секторға азық-түлік жеткізуді уақытша тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған. Бағдарлама гуманитарлық көмек берудің басқа да жолдарын қарастыруға тырысады.

БҰҰ бағдарламасы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауларында 1,4 миллионға жуық палестиналыққа гуманитарлық көмек беріп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG