Accessibility links

"Важные истории": Донецк түбіндегі полигонда 68 ресейлік әскери қызметкер қаза болды


"Важные истории" Донецк облысының Ресей аннексиялап алған бөлігіндегі полигонға соққы кезінде қаза болған 20 ресейлік әскери қызметкердің аты-жөнін растады.

Тізімде 36-мотоатқыштар бригадасының 65 солдатының аты-жөні бар, тағы үш адамның кім екені анықталмаған. Тізімнің түпнұсқа екенін басылымға сол әскери бөлімнің әскери қызметкері растаған. Оның сөзінше, соққы күшті болғаны соншалық, айналадағы заттардың "күлі көкке ұшқан". Әскери қызметкер жараланғандар көп екенін, кейбірі Ростовтағы госпитальға жіберілгенін айтты.

"Важные истории" сонымен бірге 20 ақпанда күндіз украин әскері полигонды HIMARS-бен атқылағанын жазды. "Важные истории" қаза болған алты әскери қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тапқан. Олардың барлығы шабуыл болған күні аккаунттарына кірген, одан кейін аккаунттары белсенді емес болып қалған. Олардың жазбаларының астына кейбір қолданушылар көңіл айтып, комментарий қалдырған.

21 ақпанда BBC-дің Орыс қызметі 20 ақпанда күндіз украин армиясы полигонды екі ракетамен атқылағанын жазды. Соққы кезінде полигонда үш рота әскері командирлерін күтіп тұрған. BBC-дің Орыс қызметі соққыдан кейін полигоннан түсірілген суреттерді жариялады. Онда оннан астам адамның қаза болғаны көрінеді.

Украина шабуылға түсініктеме берген жоқ, алайда сол күні Ресей әскері шоғырланған атқыланған тоғыз орын жөнінде есеп берді. Ресей билігі шабуыл фактісін терістемейді, алайда "ақпарат тым ұлғайтылғанын" айтады.

XS
SM
MD
LG