Accessibility links

Мәскеу Навальный мен Немцовты еске алуға арналған марш өткізуге рұқсат бермеді


Мәскеу билігі оппозициялық саясаткерлер Алексей Навальный мен Борис Немцовты еске алуға арналған марш өткізуге рұқсат бермеді. Шенеуніктер оны "ковидке қатысты шектеулермен" түсіндірді. Бұл жөнінде "Азаматтық бастама" ("Гражданская инициатива") партиясының басшысы Андрей Нечаев мәлімдеді.

Саясаткер партия биліктен ресми хат күтіп жатқанын жеткізді. Олар маршты 2 наурызда өткізуді жоспарлаған.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов 2015 жылдың 27 ақпанында қаза болды. Оны Кремль маңындағы көпірден өтіп бара жатқанында атып кетті. Өлімге тапсырыс беруші әлі анықталмады. Жыл сайын Ресейде саясаткерді еске алуға акция өтеді. COVID-19 пандемиясына дейін жыл сайын мыңдаған адам жиналатын. Соңғы жылдары Ресей билігі Немцовты еске алу акцияларын өткізуге тыйым салып келеді.

Тағы бір оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың түрмеде қаза болғаны 16 ақпанда хабарланды.

Оның өлімінен кейін Ресейдің ондаған қалаларында репрессия құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG