Accessibility links

Лондон мэрі Ресей олигархтарының дүние-мүлкін кәмпескелеуді ұсынды


Садик Хан
Садик Хан

Лондон мэрі Садик Хан Ресей олигархтары мен жемқорларына тиесілі жылжымайтын мүліктерді кәмпескелеп сатып, орнына тұрмысы нашар адамдарға, украин босқындарына үй салуды ұсынды. Мұны LBC радиостанциясы хабарлады.

Редакция Садик Ханның Ұлыбритания тұрғын үй құрылысы министріне жазған хатынан үзінді келтірген. Ханның сөзінше, жемқорлыққа қатысы бар ресейліктердің Лондондағы жылжымайтын мүліктерін 2022 жылы Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы 1,1 миллиард фунтқа тең ($1,4 млрд) деп бағалаған. "Бұл ақшаға тұрмысы нашар адамдар үшін төрт мыңнан астам үй салуға болар еді" дейді Лондон мэриясы.

"Министрлер Путиннің айналасындағылар сатып алған мүлікті бұғаттау үшін дереу шара қабылдауға тиіс", — деп жазылған Ханның хатында.

Оның сөзінше, кәмпескеден түскен ақшаға салынған үйлердің бір бөлігіне украин босқындарын орналастыруға болады. Хан сонымен қатар украин босқындарының отбасыларына арналған, ақпанда жабылған бағдарламаны қайта ашып, олардың заңды негізде оқуына және жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді сұраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG