Accessibility links

Ресей президенттігіне кандидаттар теледебат кезінде Путинді сынар тұстан айналып өткен


Ресей президенттігіне кандидаттар "Россия 1" телеарнасында өткен алғашқы теледебатта басты қарсыластары Владимир Путинді сынаудан тартынған. Тележүргізуші олардан Владимир Путиннің білім және ғылым саясатындағы идеялары мен жобаларына баға беруді сұраған.

"Агентство" басылымының жазуынша, дебатқа президенттікке кандидаттың екеуі: компартиядан Николай Харитонов пен "Жаңа адамар" ("Новые люди") партиясынан Владислав Даванков қана қатысқан. ЛДПР партиясынан түскен кандидат Леонид Слуцкий мен мемлекеттік дума депутаты Никита Березиннің атттарынан эфирге өкілдері келген. Ал Владимир Путин әдеттегідей дебатқа қатысудан бас тартқан. Онысын Кремль: "ресейліктер онсыз да көріп отыр" деп түсіндірген.

"Агентствоның" жазуынша, Путиннің "бәсекелестері" президентке қатысы бар сұрақтарға тіке жауап беруден жалтаруға тырысқан.

Бұған дейін Ресей жоғары соты Борис Надеждинді кандидат ретінде тіркемеу туралы Ресей орталық сайлау комиссиясының шешімі заңды деген қорытынды шығарған. Надеждин Путинді сынаған, оның ішінде Украинға басқыншылығын қолдамайтынын ашық айтқан жалғыз кандидат болатын.

  • Ресей президентін сайлау биыл наурыздың 15- мен 17-сі арасында өтеді. Тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар "бұл сайлау - еркін сайлау еместігін" қазірдің өзінде айтып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG