Accessibility links

Еуропарламент Украинаға 50 млрд еуро көмек беруді қолдап дауыс берді


Еуропарламент Украинаға төрт жылда 50 миллиард еуро бөлуді қолдап дауыс берді. 536 депутат қолдап, 40-ы қарсы дауыс берген, 39-ы қалыс қалған.

Еуропарламент ресми сайтында Украинаны қолдайтынын, барынша көмек беретінін жеткізген.

Осыған дейін Киевке қаржылай көмекке Венгрия қарсылық көрсетіп келген.

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен таяуда Киевке барған сапары кезінде қаржының алғашқы бөлігі наурыз айында жіберілетінін айтты.

Өткен аптада Брюссель Мәскеуге қарсы санкцияның 13-пакетін мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG