Қатты боран мен көктайғақтың салдарынан Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы – Ташкент – Термез бағытындағы трасса бөлігі жабылып, шамамен 300 көлік тұрып қалды. Бұл жөнінде Polisia.kz сайты хабарлады. Полицейлер көліктер легін біртіндеп тарата бастаған.
"Бұл аумақта жолаушылар мен жүргізушілер қауіпсіздігі бойынша шараларды Қордай аудандық полиция қызметкерлері жүргізіп жатыр" деп жазылған хабарламада.
27 ақпанда кешке "ҚазАвтоЖол" боранның салдарынан аймақта Алматы – Ташкент – Термез трассасының Кенен мен Қайнар ауылдары аралығындағы жол жабылғанын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР