Accessibility links

Навальныйды 1 наурызда Мәскеуде жерлейді


Алексей Навальныйды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 1 наурызда Мәскеудегі Марьина ауданындағы "Утоли моя печали" Құдай ана иконасы шіркеуінде өтеді. Ал Навальныйдың сүйегі Мәскеудің оңтүстік-батысындағы Борисовский зиратына жерленеді. Бұл туралы саясаткерлің баспасөз-хатшысы Кира Ярмыш жазды.

Навальныйдың мәйітін анасы Людмила Навальная 24 ақпанда алған. Оған дейін саясаткердің сүйегін анасына бермей келген еді. Людмила Навальная тергеу комитеті ұлын құпия түрде жерлеу туралы шарт қойғанын айтқан. Осыдан соң Навальныйдың анасы "мәйітті қорлау" бабы бойынша іс қозғауды талап еткен еді.

Навальный 16 ақпанда Ямал-Ненец автономды округі Харп елдімекеніндегі қатаң режиміндегі "Полярный волк" түрмесінде отырған. Сараптама саясаткер өз өлімінен көз жұмды деген қорытындыға келген. Навальныйдың қазасы табарынан бірнеше күн бұрын 27-рет айып изоляторына жіберілген. Саясаткерлердің жақтастары оны өлтірді деп санайды. Навальныйдың әйелі Юлия оның ісін жалғастыратынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG