Accessibility links

Тәжік оппозициясы Душанбені ҰҚШҰ-дан шығу мәселесін қарауға шақырды


Өзін шетелдегі тәжік оппозициясының одағы деп таныстыратын Тәжікстан ұлттық альянсы Арменияның Ресей қолдайтын ұйымнан шығу туралы шешімін құп көрді.

Оппозициялық ұйым Тәжікстан үкіметін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына, сонымен бірге Ресей ықпалындағы басқа да ұйымдарға мүшелік мәселесін қайта қарауға шақырды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеген.

Тәжік оппозициясы Армения билігінің бұл шешімін «тәуелсіз мемлекетке тән әрекет» деп бағалаған.

Тәжікстан ұлттық альянсы 2018 жылы Варшавада құрылған. Оған төрт оппозициялық ұйым кірген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Совет одағы құлағаннан кейін әскери ұйым ретінде құрылды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей кірген. Әзербайжан мен Грузия ұйым құрамынан шығып кеткен.

Сарапшылар оны Ресей бақылауындағы ұйым, негізінен Мәскеу мүддесі үшін әрекет етеді деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG