Accessibility links

Еуропарламент: Навальныйдың өліміне Путин жауапты


Алексей Навальныйдың портреті
Алексей Навальныйдың портреті

Еуропарламент ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың өліміне байланысты қарар қабылдады. Онда саясаткерді "өлтіргені" жөнінде айтылады. Еуропа парламенті саясаткердің қазасына Ресей президенті Владимир Путин жауапты деп санайды. Қарарды 547 депутаттың 506-ы қолдап дауыс берді.

Бұған қоса, Еуропарламент ресейлік саяси тұтқындарды дереу шартсыз босатуды талап етті. Қарарда ондаған адамның аты-жөзі жазылған. Арасында саясаткерлер Владимир Кара-Мурза, Илья Яшин және Алексей Горинов, тарихшы Юрий Дмитриев, Навальный штабының қызметкерлері Лилия Чанышева және Ксения Фадеева, суретші Саша Скочиленко, журналист Иван Сафронов, драматургтер Евгения Беркович және Светлана Петрийчук бар.

Қарарда сонымен қатар Ресейде саяси жүйе "тежеусіз жемқорлық жайлаған, сайлау нәтижесін бұрмалау арқылы билікті ұстап тұрған авторитарлық режимнің" уысында екені жазылған.

  • Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Ресейдегі Ямал-Ненецк автономды аймағында орналасқан түрмеде көз жұмғанын Ресей билігі 16 ақпанда жариялаған. Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметінің хабарлауынша, ерекше қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеген оппозиционер "күндіз серуеннен кейін көз жұмған". Саясаткер қаза болғанға дейін бірнеше күн бұрын тәртіптік изоляторға 27-рет жөнелтілген.
  • Оппозиционердің жақтастары саясаткерді өлтірді деп санайды. Навальныйдың жесірі Юлия Навальная күйеуінің ісін жалғастыратынын айтты.
XS
SM
MD
LG