2023 жылы Орталық Азия елдерінің 50 мыңнан астам азаматы АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен. Бұл жөнінде "жоғары лауазымды шенеунікке" сүйенген АҚШ-тың Монтана штатының сенаторы Стив Дэйнс мәлімдеді, деп жазды Daily Mail.
Басылымның мәліметінше, АҚШ билігі заңсыз көші-қон легіне алаңдап отыр.
АҚШ-тағы босқын мәртебесін беру туралы өтініштерді бақылайтын транзакция жазбаларын талдау орталығының (TRAC, Transactional records access clearinghouse) мәліметінше, қазіргі кезде Орталық Азия елдерінің кемінде 40 мың азаматы осындай істер бойынша сот шешімін күтіп отыр: 17 мыңы – Өзбекстан, 7 мыңы – Қырғызстан, 3 мыңы – Тәжікстан, 2,7 мыңы – Қазақстан, 2 мыңы – Түркіменстан азаматы.
Стив Дэйнс шекарадағы көші-қон дағдарысына байланысты АҚШ президенті Джо Байденге хат жазып, шара қолдануды өтінген. Daily Mail келтірген ресми мәлімет бойынша, ол билікке келген 2021 жылдан бері АҚШ шекарасын 7,3 млн мигрант заңсыз кесіп өткен.
ПІКІРЛЕР