Accessibility links

Трамп Миссуриде республикалық партия жиынында жеңіске жетті


Бұрынғы президент Дональд Трамп. Нэшнл-Харбор, Мэриленд штаты 24 ақпан 2024 жыл.
Бұрынғы президент Дональд Трамп. Нэшнл-Харбор, Мэриленд штаты 24 ақпан 2024 жыл.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Миссури штатында республикалық партияның кокусында (сайлаушылардың жиыны) жеңіске жетті. Ресми мәліметке қарағанда, оның қарсыласы Никки Хейлидің жақтастары штаттағы 200-ден астам жиынның бірде-бірінде басымдығымен көзге түспеген.

Трамп Мичигандағы партия жиынында да 90 пайыздан астам дауыс жинаған. Ол бұған дейін осы штаттағы праймеризде жеңген.

Трамп праймериз немесе кокус өткен штаттардың барлығында жеңіп келе жатыр. Көп сарапшы 5 наурызда – қатарынан 16 дауыс беру өтетін кезде де Трамп айтарлықтай жеңіске жетеді деп болжап отыр.

Көптеген республикашылдар Хейлиді кандидаттыққа күресін тоқтатуға шақырған, алайда Хейли бұған дейін кемінде 5 наурызға дейін "жарыстан" түспейтінін айтқан. Кейінгі кезде ол Трампты қатаң сынай бастаған, сыртқы саясат мәселелері бойынша да екі саясаткер арасында қайшылықтар ұлғая түскен.

Қоғамдық пікірді зерттейтін соңғы сауалнамалардың басым бөлігінде Трамп қазіргі президент, демократ Джо Байденнен алда тұр.

XS
SM
MD
LG