Accessibility links

Украина "Қырымда Ресейдің патруль катерін батырып жібергенін" мәлімдеді


"Сергей Котов" патруль катері
"Сергей Котов" патруль катері

Украина әскері аннексияланған Қырым түбегінің жағалауында ресейлік "Сергей Котов" патруль катері батырып жібергенін мәлімдедеді.

Катердің батқаны жайлы Украина барлау қызметі мен ресейлік әскери телеграм-каналдар жазып жатыр.

Телеграм-арналар бүлінген катердің видеосын жариялап, экипаж мүшелерінің аман қалғанын айтады.

3 наурыздан 4 наурызға ауған түні Қырымға дрондар шабуыл жасалғаны хабарланған. Бұл шабуыл әуе және теңіз дрондарымен жасалуы мүмкін. Қырым түбегіндегі Керчен көпірі түнде жабық болған.

Ресей қорғаныс министрлігі Қырым түбегіне және катерге шабуыл жайлы ештеңе демеді.

Соғыс уақытында тараптардың мәлімдемесін тексеру қиын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG