Accessibility links

Ресей арнайы қызметі Қырым татарларына тінту жүргізген


Қырымда жүрген ФСБ өкілдері. 2023 жылдың қаңтары.
Қырымда жүрген ФСБ өкілдері. 2023 жылдың қаңтары.

Ресей аннексиялап алған Қырымда федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) өкілдері Қырым татарларының үйіне тінту жүргізді. Крым.Реалии сайтының жазуынша, олар жалпы 10 үйді тінтіген.

Бақшасарайда "Қырым ынтымақтастығы" ұйымының белсенділерін, Джанкой ауданында дін өкілдерін тінтіген ФСБ бес адамды ұстаған, олардың ішінде бұрынғы имам Ремзи Куртнезировтің аты аталады. Екінші топтағы мүгедектігі бар Куртнезировке жедел жәрдем шақырған.

Ұсталғандардың бірінің әйелі арнайы қызмет үй ішінен «тыйым салынған әдебиеттерді іздеп жүргенін» айтты.

Бұған дейін Қырым татар белсенділерінің ұсталғаны 29 ақпанда айтылған.

2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін Ресей билігі түбекте тұратын Қырым татарларын қудалай бастаған. Әдетте полиция тінту кезінде табылған діни әдебиет негізінде ғана оларға "терроризм" бабымен айып тағады.

Қазіргі уақытта Қырымда жүздеген адам қамауда отыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары олардың басым бөлігін саяси тұтқын деп таныған. Қырым татарлары өздерін түбектің аннексияланғанына келіспегені үшін қудалап жатыр деп біледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG