Accessibility links

Украина барлау қызметі Ресей қорғаныс министрлігінің серверін бұзды


Украина барлау қызметінің хакерлері Ресей қорғаныс министрлігінің серверіне шабуылдады. Бұл туралы "РБК-Украина" барлау қызметіне сүйене отырып хабарлады. Мәліметті The Insider растады.

"РБК-Украина" мәліметінше, кибершабуылдан Ресей қорғаныс министрлігінің сайты, домендері және IP-телефония жүйесі, сонымен бірге электронды құжат алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламасы да бұғатталған. Министрлік сайты шынымен жұмыс істемей тұр.

Хакерлер министрлік серверлерін 4 наурызда таңертең шабуылдаған. Мәліметке қарағанда, украин барлау қызметі құпия құжаттарды ұрлап кеткен. Олардың арасында жарлықтар, есептер, нұсқаулар, баяндамалар және басқа да құжаттар бар.

2023 жылғы қарашада украин хакерлері Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз орталығының жүйесін, ал қазанда Альфа-Банк базасын бұзған. Альфа-Банк оны жоққа шығарған, бірақ ресейлік журналистер мәліметтердің түпнұсқа екенін растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG