Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ерлан Қожағапанов Қазақстан-Ресей форумының шығынын асырып көрсетті деген күдікке ілінген. Бұл туралы 6 наурыздағы брифингте жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.
"Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін ол 2018 жылы Петропавлдағы "Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық әріптестігі форумын" өткізу бойынша сол ұйыммен келісім-шартқа қол қояды. Ал форумды өткізу бойынша смета екі есе көп көрсетілген" деді Тілеукенов.
Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің бұл сөзін ҚазТАГ агенттігі таратты.
Қожағапановтың қорғау тарабы әзірге бұл мәлімдемеге қатысты ештеңе айтпады. Бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны жайлы өткен аптада белгілі болған еді.
Қожағапанов 2013-2016 жылдары спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы, Қазақстан футбол федерациясының президенті болған.
2017-2019 жылдары мәдениет және спорт министрінің орынбасары, 2019-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 2021 жылы қыркүйекте премьер-министр кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.
ПІКІРЛЕР