Accessibility links

Ұлыбритания Ресей орталық банкінің активтерін Киевке беруге дайын екенін мәлімдеді


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон

Ұлыбритания Ресей орталық банкінің бұғатталған активтерін Киевке қарыз ретінде беруге дайын екенін мәлімдеді. Соғыс аяқталғаннан кейін Ресейге бәрібір Украинаға келтірген шығынды толтыруына тура келеді. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон осылай деп мәлімдеді.

"Синдикатталған несие немесе қарыз ақша түрінде пайдалану мүмкіндігі бар, бұл іс жүзінде Ресейдің бұғатталған активтерін кепілдік ретінде украиндарға беруге жол ашады. Ресей соғыс шығынын өтеген кезде ақша қайтарылады" деді Дэвид Кэмерон. Оның сөзінен The Guardian басылымы үзінді келтіреді.

Бұл жоспарға сәйкес, соғыс шығыны өтелгеннен кейін Ресей өз активтерін қайтара алады.

Бұл бұған дейін Еуроодақта талқыланған ұсынысқа қарағанда әлдеқайда қатаңдау. ЕО Киевке Ресей орталық банкінің бұғатталған активтерінен түскен кірісті ғана беруді ұсынған. Жыл сайын бұл активтерден 4 млрд доллар кіріс түседі.

The Guardian-ның жазуынша, Кэмерон мұндай ұсыныс жөнінде алғаш рет толымды мәлімет беріп отыр. Журналистердің пікірінше, бұл ЕО емес, АҚШ тарапынан қолдауды білдіреді.

"Үлкен жетілік" елдері бір жылдан астам уақыттан бері Ресей орталық банкінің бұғатталған активтерін халықаралық жүйеге нұқсан келтірмей, кәмпескелеу жолдарын талқылап келеді.

The Guardian-ның жазуынша, Ұлыбританияда Ресей орталық банкінің шамамен 25 миллиардов фунт стерлинг (32 млрд доллар) бұғатталған, бірақ актив көлемі ресми түрде хабарланбады.

  • Батыс елдерінде Ресей орталық банкінің шамамен 300 миллиард доллар қаражаты бұғатталған. 2023 жылы Ресей активтеріне инвестиция салған Euroclear халықаралық депозитарийі 4,4 млрд еуро кіріс тапты. Мәскеу активтер мен активтерден түскен пайыздық сыйақыны пайдалана алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG