Accessibility links

Ресейде Украина жағында соғысып жатқан шамамен 700 шетел азаматына іздеу жарияланды


Ресейде Украина жағында соғысып жатқан шамамен 700 шетел азаматына іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Ресей тергеу комитеті хабарлады.

Ведомствоның жазуынша, "Жалдамалы әскери қызмет" бабы бойынша Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Румыния азаматтары айыпталушы танылған.

Ресей тергеу комитеті таратқан хабарламада қылмыстық іс қозғалған кейбір азаматтардың аттары аталады: Грузия азаматтары Лаша Рухая, Левон Айрапетян және Эрекле Амиранашвили. Тергеу болжамынша, олар "сыйақы үшін" Украина жағында – "Грузин ұлттық легионы" құрамында соғысқан.

2024 жылы қаңтарда Ресей соты скандинавиялық Team Wiking взводының жетекшісі 28 жастағы Топи Хухтал, 41 жастағы Давид Руруа және латвиялық Атварсе Аниньшені қамауға алу туралы сырттай шешім шығарған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленский халықаралық легион жасақталғанын хабарлаған. Ізінше Киев осы легионға қосылғысы келетіндерге уақытша визасыз режимді енгізген.

Қазір Украина жағында қанша шетел азаматы соғысып жатқаны белгісіз. Украина қарулы күштеріне қарасты бас барлау басқармасының мәліметінше, халықаралық легион құрамында әлемнің 50 елінен (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Дания, Еуропа елдері, Азия, Африка, Оңтүстік Америка) келген еріктілер бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG