Accessibility links

Сауд Арабиясы Жетісу облысында жел электр станциясын салмақ


Сауд Арабиясы энергетика министрі Абдулазиз бен Салман (сол жақта) және Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев (оң жақта) келісімге қол қойып жатқан сәт. Астана, 7 наурыз 2024 жыл.
Сауд Арабиясы энергетика министрі Абдулазиз бен Салман (сол жақта) және Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев (оң жақта) келісімге қол қойып жатқан сәт. Астана, 7 наурыз 2024 жыл.

Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу облысында күші 1 ГВт болатын жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман әл-Саудты қабылдағанда айтылды. Ақордадағы кездесуге қатысқан ACWA Power компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян жобаны таныстырып шыққан.

Ақорданың жазуынша, кездесуден соң екі ел осы жобаны жүзеге асыру бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған. Сондай-ақ екі ел жасыл энергетика саласында да бірге жұмыс істеуге келіскен.

Бұл – Қазақстанның Араб түбегі елдерімен жасасқан екінші келісім-шарты. 14 ақпанда президент Тоқаев Катарға іссапарға барғанда қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісімге келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG