Accessibility links

Канадада әлдебіреу алты адамды пышақтап өлтірді


Child-Stabbed
Child-Stabbed

Канада астанасы Оттавада әлдебіреу алты адамды, соның ішінде бір әйелді төрт баласымен пышақтап өлтірді. Ел премьер-министрі Джастин Трюдо бұл оқиғадан есеңгіреп қалғанын айтқан. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, алты адамды өлтірді деген күдікпен Шри-Ланкадан келген 19 жастағы студент тұтқындалған. Фебрио де-Зойса есімді ол өзі өлтірген адамдармен бір үйде тұрған, оларды таныған.

Қанды шабуылдан 35 жастағы әйел, оның 7, 4, 2 жастағы және екі айлық балалары қаза тапты. Бұған қоса әйелдің танысы, 40 жастағы ер адам да өлтірілген.

ВВС-дің хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы Шри-Ланкадан жаңа келген адамдар болған.

"Бұл - еш кінәсіз адамдарға қарсы жасалған, ақылға сыймайтын жауыздық" деді Оттава полиция басқармасының басшысы телеүндеуінде. Полицияның хабарлауынша, құқық қорғау органдарының күдікті мен оның қолынан қаза тапқандардың ешқайсысымен бұрын байланысы болмаған.

Оттава мэрі оқиғаны қала тарихындағы ең қанды оқиғалардың бірі деп сипаттады.

Бір миллиондай тұрғыны бар Оттавада 2023 жылы 14 адам кісі қолынан қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG