Accessibility links

Нигерияда қарулы топ 280-нен аса оқушыны ұрлап әкеткен


Нигерияда оқушылар ұрланған Курига қалашығы. 8 наурыз 2024 жыл.
Нигерияда оқушылар ұрланған Курига қалашығы. 8 наурыз 2024 жыл.

7 наурызда Нигерияның солтүстік-батысындағы Курига қалашығында қарулы адамдар 280-нен аса оқушыны ұрлады. Куәгерлердің айтуынша, мотоциклге мінген қарулы адамдар мектептегі 8-15 жас арасындағы оқушылар мен мұғалімді алып кеткен. Бұл туралы ВВС сайты мен Reuters агенттігі хабарлады.

ВВС сайтының жазуынша, Курига қаласы қарайтын Кадуна штатының губернаторы Уба Сани оқушылардың ұрланғанын растаған.

Курига қаласындағы отбасылардың басым бөлігінің балалары ұрланғаны айтылады. Губернатор "барлық баланы босатамыз" деп мәлімдеген.

Нигерияның солтүстік-батысында қарулы топтардың ересектерді жаппай ұрлап әкетуі жиі болады. Бірақ оқушыларды ұрлауы азайған еді. Әдетте қарулы топтар сұраған ақшаларын алған соң ұрланғандарды босататын.

7 наурыздағы шабуыл "Ансару" террорлық тобының бақылауындағы аймақта болған.

2014 жылы Нигерияда «Боко Харам» террорлық тобы Чибок қаласындағы мектептен 200-ден аса қыз баланы ұрлап әкеткен еді.

Нигерияда қарулы топтар адам ұрлап, кейін сол үшін ақша табуға тырысады. 2022 жылы Нигерия ұрланған адам үшін ақша төлеуді қылмыс деп танитын заңды қабылдап, бұл елде дау туғызған. Ұрланған адамды босату үшін ақша бергендер 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ әлі күнге дейін бұл заңмен ешкім жауапқа тартылмады. Әдетте елде туыстарын босату үшін көп адам ақша беруге дайын.

ВВС, Reuters ақпараттары негізінде жазылды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG