Ресейдің Белгород облысында атқылау салдарынан екі адам қаза болды, бір адам жараланды. Бұл жөнінде облыс губернаторы Вячеслав Гладков хабарлады. Оның сөзінше, Грайворонский ауданындағы Рождественка ауылына үш камикадзе-дрон шабуыл жасаған.
Бұған қоса, жұма күні Шебекинский қаласы маңындағы Маслов ауылы шабуылға ұшырады. Әуе қорғаныс күштері Белгород және Краснояружский аудандарында бірнеше дронды жойған. Ешкім зардап шекпеген.
Ресей қорғаныс министрлігі 8 наурызға қараған түні әуе қорғанысы Белгород және Волгоград облыстарында оннан астам дронды атып түсіргенін мәлімдеді.
Ал Украинаның қарулы күштері жұма күні Ресей әскері Украина аумағына 37 "Шахед" дронымен, С-300 және екі Х-59 авиациялық ракеталарымен шабуылдағанын хабарлады. Кировоград, Одесса, Херсон, Николаев, Харьков облыстарында 33 дрон атып түсірілген.
- Белгород және Украинамен шектесетін Ресейдің өзге облыстары күн сайын атқыланып, дрондар шабуылына ұшырайды. Ресей билігі Украина қарулы күштерін айыптаған. Киев әдетте бұған түсініктеме бермейді.