Санкт-Петербург қаласының аудандық соты бұзақылық бабымен күдікке ілінген жергілікті тұрғын Евгений Смирновты бір ай тергеу изоляторына қамады. Ақпаратқа қарағанда, ол шарбаққа "Путин Навальныйды өлтірді" деп жазған.
Смирновтың үйінде тінту болған. Техника және банк карталары тәркіленген, деп хабарлады анасы "ОВД-Инфо" сайтына. Қорғау жағы оны бостандықта қалдыруды сұраған.
Тергеу органдарының болжамынша, Смирнов шарбаққа 16 ақпанда жазу қалдырған. Дәл сол кезде оппозиционер Алексей Навальный түрмеде көз жұмған. Оның жесірі Юлия Навальная күйеуін Ресей президентінің бұйрығымен өлтірген деп санайды.
Кремль айыптауларды жоққа шығарады.
ПІКІРЛЕР