Accessibility links

CNN: АҚШ 2022 жылы Ресей Украинаға ядролық соққы жасайды деп дайындық жүргізген


АҚШ 2022 жылдың соңында Ресей Украинаға ядролық соққы жасайды деп дайындық жүргізген. Мәскеуге оның салдары жөнінде ескерту жасалып, Кремльге қысым жасауға Вашингтонның одақтастары, Үндістан мен Қытай қосылған. Бұл жөнінде CNN телеарнасы хабарлады.

Телеарна Ақ үйдегі белгісіз дереккөздерге сүйенген. Олардың мәліметінше, Вашингтондағылар 2022 жылы тамызда Херсоннан шегінгеннен кейін Мәскеу Украинаға тактикалық ядролық қару пайдалануға дайын болды деп сенген. Сол жылы жазда және күзде АҚШ Қауіпсіздік кеңесі жағдайды талқылап, бірнеше рет отырыс өткізген.

CNN-ның жазуынша, Вашингтонда стратегиялық ядролық күштердің шабуылына дайындық туралы ақпарат болмаған. Алайда тактикалық қаруды пайдалану құпия түрде әзірленген болуы мүмкін. АҚШ барлау ақпаратына, Ресей билігі мен "Украина радиоактивті бомба пайдалануға дайындалып жатыр" деген Мәскеудің мәлімдемесіне сүйенген.

2022 жылы қазанда Ресейдің халықаралық экономика және халықаралық қатынас жөніндегі институты баяндама әзірлеп, онда "Украинамен соғыс қазіргідей деңгейде қалса, Мәскеу ядролық қару қолданбайтыны" деп жазған.

Құжатта Мәскеудің пікірінше, егер ядролық қаруы бар басқа мемлекет соғысқа тікелей араласса, ядролық жағдай ушығуы мүмкін екені айтылған.

АҚШ президент әкімшілігінің ядролық қару пайдалану қаупіне алаңдап отырғанын 2022 жылы қарашада The New York Times басылымы жазған. Ядролық қаруды пайдалану туралы пікірталас Ресей әскерінде болған деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG