Accessibility links

Қарағанды облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты


Шахтаның әкімшілік ғимараты. Азаттық архивіндегі фото.
Шахтаның әкімшілік ғимараты. Азаттық архивіндегі фото.

12 наурызда Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында бір жұмысшы мерт болды. Бұл туралы шахтаға иелік ететін Qarmet компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"12 наурыз, түнде компанияның көмір департаментіне қарасты "Саран" шахтасында 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы монтаж жұмысы алдында арнаулы жабдықты жөндеу кезінде жараланып, соның салдарынан қаза болды", — делінген компания хабарламасында.

Компания бұл жайтты "жазатайым оқиға" деп атаған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жабдықты бекітетін болт үзіліп кеткен.

Qarmet бұл оқиғаның себебін анықтауға арнайы комиссия жұмыс істейтінін хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жобасына сәйкес жүрген, қауіпсіздік бойынша нұсқау берілген.

2023 жылы 8 желтоқсанда бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының жаңа инвесторы Qazaqstan Steel Group компаниясы екені мәлім болды. Оның құрылтайшысы — қазақстандық кәсіпкер, Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы (аталған топ құрамында "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" компаниясы бар) Андрей Лаврентьев. Былтыр "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының атауы Қарағанды металлургия комбинаты (қысқаша Qarmet) болып өзгерді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG