Accessibility links

Вильнюсте Навальныйдың жақтасы Леонид Волковқа шабуыл жасалды


Леонид Волков
Леонид Волков

Вильнюсте 12 наурызда түнгі сағат 10 шамасында белгісіз біреулер Алексей Навальныйдың жақтастарының бірі Леонид Волковқа шабуыл жасады. Бұл жөнінде ұзақ уақыт Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы болып істеген Кира Ярмышқа сүйенген The Insider басылымы хабарлады.

Ярмыштың сөзінше, шабуылдаушылар Волковтың көлігін "балғамен шағып, бетіне жас ағызатын газ шашқан, осыдан кейін Леонидті балғамен ұра бастаған".

Кира Ярмыш "Агентство" басылымына берген сұхбатында Волков шабуылдаушылардан "аяғымен және көліктің есігімен" қорғанғанын айтқан. Волков ауруханаға түсті.

Оқиға Волков тұратын үйдің маңында болған. Вильнюс полициясы шабуыл болғанын растады, бірақ хабарламасында Волковтың аты-жөнін көрсетпеген.

  • 16 ақпанда Ресей билігі Алексей Навальный Ямалдағы "Полярный волк" колониясында көз жұмғанын хабарлаған. Саясаткердің өлімі туралы қорытындысында оның табиғи себептерден қайтыс болғаны жазылған. Жақтастары саясаткерді өлтірген деп санайды.
  • Ресейде президент сайлауы қарсаңында Навальныйдың жақтастары "Путинге қарсы талтүс" атты наразылық акциясын жариялаған. Оппозиционердің командасы 17 наурызда сайлау учаскелеріне келуге шақырды. "Путиннен басқа кез келген кандидатқа дауыс бере аласыз. Бюллетеньді бүлдіре аласыз. Оған "Навальный" деп жазсаңыз болады" деді саясаткердің жесірі Юлия Навальная.
  • Бұған дейін наразылық акциясы туралы айтқан Леонид Волков "Путинге қарсы талтүсті" "Алексей Навальныйдың саяси мұрасы" деп атаған.
XS
SM
MD
LG