15 наурызда Украинаны Одесса қаласына Ресей жасаған ракеталық шабуылдан 14 адам қаза тапқаны хабарланды. Қаза болғандардың қатарында Украина төтенше жағдайлар мемлекеттік басқармасының қызметкері бар. Бұл туралы Одесса облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Кипер мәлімдеді. Бұған қоса шабуылдан 46 адам зардап шеккені айтылды.
Одессада 16 наурыз қаралы күн деп жарияланды. Бұл – облыстағы кейінгі бір айдағы екінші аза тұту күні.
Ресей әскерилері бір жерге екі рет ракетамен соққы жасағаны айтылады. Бірінші шабуылдан соң құтқарушылар келгенде артынша тағы бір ракета түскен.
Соққы нақты қандай нысанға жасалғаны хабарланбады. Украина билігі тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандары бүлінгенін айтады. Кремльшіл блогерлер украиналық әскерилер орналасқан ғимарат жайлы жазып жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге ештеңе демеді.
ПІКІРЛЕР