Accessibility links

Қырғыз белсендісі Жапаровты 2020 жылы олигарх Матраимовтан 3 млн доллар ақша алды деп айыптады


Садыр Жапаров және Райымбек Матраимов.
Садыр Жапаров және Райымбек Матраимов.

Қырғызстанда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды" деп айыпталып, өткен айда 7 жылға түрмеге жіберілген белсенді Мелс Аспековтің жақтастары хат жариялады. Онда Аспеков президент Садыр Жапаровты олигарх, кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтан 3 млн доллар көлемінде ақша алғанын баяндаған.

15 наурызда Facebook желісінде жарияланған хатта Жапаровтың ақшаны 2020 жылы қазанда – түрмеден босап шыққан кезде алғаны айтылады.

Жапаров әзірге Аспековтің тұжырымына түсініктеме бермеді.

Екі жыл бұрын Аспеков Жапаровты бұрынғы президент Сооронбай Жээнбековтен 10 млн доллар алды деп айыптаған, ал Жапаров мұны жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG