Accessibility links

Ресейдің Самара облысындағы екі мұнай өңдейтін зауытқа дрондар шабуыл жасады


Рязандағы мұнай өңдеу зауытынан шыққан өрт. 13 наурыз 2024 жыл.
Рязандағы мұнай өңдеу зауытынан шыққан өрт. 13 наурыз 2024 жыл.

Сенбіге қараған түні Ресейдің Самара облысындағы екі мұнай өңдейтін зауытқа – Сызран және Новокуйбышев зауыттарына дрондар шабуыл жасады. Шабуыл болғанын облыстың губернаторы Дмитрий Азаров растады.

Сызран мұнай өңдейтін зауытында дрондар шабуылының салдарынан өрт шыққан, деп жазды "База" және "Астра". Жергілікті биліктің хабарлауынша, зауыт қызметкерлері эвакуацияланып, ешкім зардап шекпеген. Губернатордың сөзінше, мұнай өңдейтін қондырғылар өртенген.

Әлеуметтік желілерде өрттің видеосы жарияланды.

Дрондар сонымен бірге Новокуйбышев зауытына да шабуылдады, Азаровтың сөзінше ол дрон атып түсірілген. Телеграм-арналардың хабарлауынша, ол жақта да өрт басталған. Ресей қорғаныс министрлігі Самара облысындағы дрондар шабуылы туралы хабарламады.

"Базаның" жазуынша, Липецк облысында дрондар мұнай өңдейтін Становая станциясын ("Достық" мұнай құбырының құрамына кіреді) да шабуылдаған. Ешкім зардап шекпеген деп айтылады. Билік дрондар "кезекші құралдармен" жойылғанын хабарлады.

Самара облысынан Украина шекарасына дейін кемінде 900 шақырым. Бұған дейін Украинаның арнайы қызметіне сүйенген ақпарат құралдары ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы "Ресей экономикасының қуатын азайту" арнайы операциясы аясында жасалғанын жазды.

Жуырда дрондар Калуга облысындағы мұнай өңдейтін "Бірінші зауыт" кәсіпорнына шабуылдаған. Ол жақта да өрт басталған.

Бір аптада Ресейде кемінде алты мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалып отыр.

Украина қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздерге сүйенген "Украинская правда" басылымы бұған дейін дрондар шабуылын Украина арнайы қызметі ұйымдастырғанын жазған. Мәселе Рязандағы кәсіпорын, Нижегород облысындағы Кстово, Ленинград облысындағы Кириш зауытында болып отыр. 13 наурызда Ростов облысындағы Новошахтинск қаласына мұнай өнімдері зауытына соққы жасалған. Зауыттың жұмысы тоқтаған.

Киев ресми түрде зауыттарға шабуылды мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG