Accessibility links

"Важные истории": Путин жинаған дауыстың 22 миллионға жуығы бұрмаланған


Владимир Путиннің Ресей президентін сайлауда алған 22 миллионға жуық дауысы бұрмаланған. Бұл туралы Шпилькин әдісі бойынша есеп жүргізген "Важные истории" сайты жазды.

Мәскеудегі дауыс беру нәтижелері есепке енбеген, өйткені Ресей орталық сайлау комиссиясы (ОСК) учаскелер мен қашықтан істейтін электрондық дауыс беру жүйесі қорытындысын қосып жіберген. "Важные истории" жазуынша, бұл деректер талдау нәтижесін бұрмалаған болуы мүмкін.

Сайлау зерттеушісі Иван Шукшин де бұрмаланған дауыс саны бойынша осындай қорытындыға келді. "Голос" сайлаушылар құқын қорғау қозғалысы бұл сайлауда Ресей тарихындағы ең ауқымды бұрмалау болған дейді.

Шукшин сайлау комиссияларындағы дауыс беру нәтижесі калькулятор арқылы, яғни комиссия хаттамаға ойдан шығарылған деректерді енгізген кезде бұрмаланған дейді. Зерттеушінің жазуынша, Путиннің бәсекелестерінің бірі Владислав Даванков ("Новые люди") жинаған дауыстың азайғаны байқалған, бұрмалау арқылы оны үшінші орынға түсірген.

Бұған дейін "Голос" қозғалысы дауыс беру және бюллетень санау кезінде бірқатар заңсыздық болғаны туралы жазды: оның ішінде бюллетеньді топтап салу, "карусель" әдісі және бюджеттен еңбекақы алатын қызметкерлер дауыс берген кезде болған. "Голос" бұл жолғы президент сайлау науқанын қазіргі Ресей тарихындағы "ең мағынасыз" деп бағалады.

Сайлау зерттеушісі Сергей Шпилькин әдісіне сәйкес, әртүрлі кандидатқа берілген дауыстардың ара салмағы сайлаушылардың келуіне байланысты өзгермеуі керек. Егер сайлаушылар көп келіп, бір кандидаттың нәтижесі күрт өсер болса, бұл бұрмалау болғанын көрсетеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG