Accessibility links

Оңтүстік Корея: Пхеньян Ресейге оқ-дәрі тиелген жеті мыңға жуық контейнер жіберді


Украина билігінің мәліметінше, мына суреттегі бөлшектер – Солтүстік Кореяда жасалған зымыран қалдықтары. Харьков, Украина, 6 қаңтар, 2024 жыл.
Украина билігінің мәліметінше, мына суреттегі бөлшектер – Солтүстік Кореяда жасалған зымыран қалдықтары. Харьков, Украина, 6 қаңтар, 2024 жыл.

Солтүстік Корея 2023 жылдан бері Ресейге оқ-дәрі мен басқа да әскери жабдық тиеген жеті мыңға жуық контейнер жіберген. Мұндай деректі Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Шин Вон Сик айтты.

Оның сөзінше, Солтүстік Корея бастапқыда қару-жарақты кемемен жеткізуді қолайлы көрген, алайда қазір олар теміржол қызметін көбірек пайдаланып жатыр. Шин Вон Сиктің Пхеньян әскери қолдау алмасуда Ресейден тоғыз мыңнан астам контейнер көмек алуы мүмкін дейді.

Sky News телеарнасының мәліметінше, министр Шин Вон Сик бұл ақпаратты Оңтүстік Корея әскерилері "Солтүстік Корея қарулық күштері Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандар ұшырды "деп мәлімдегеннен кейін бірнеше сағат өткенде хабарлаған.

АҚШ пен Оңтүстік Корея бұған дейін Солтүстік Кореяны Украинада соғыс жүріп жатқанда Ресейге снарядтар мен басқа да әскери көмек жіберді деп айыптаған. Мәскеу де, Пхеньян да бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Биыл ақпанда The New York Times газеті Ресей оқ-дәрі орнына Солтүстік Кореяға халықаралық қаржы жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат беріп, БҰҰ санкциясына ілінген Солтүстік Кореяның бірқатар активін бұғаттан босатты деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG