АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин конгресс Киевке көмек беруді әлі бекітпегеніне қарамай, Вашингтон және оның одақтастары Украинаның жеңіліп қалуына жол бермейді деп сендірді.
19 наурызда Германиядағы америкалық Рамштайн әуе базасында 50-ден астам ел өкілдерінің кездесуі өтті. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің төрағалығында өткен жиында Украинаға әскери көмек беру мәселесі талқыланды.
"АҚШ Украинаның жеңілісіне жол бермейді. Коалиция да, еркін әлем Украинаның жеңілуіне жол бермейді" деді Остин.
Пентагон басшысы "Украина ауыр жағдайда соғысып жатқанын" атап өтті.
АКШ конгресі Украинаға 60 миллиард долларлық көмек беруді қарастыратын заң жобасын қарап жатыр. Оны сенат қабылдаған, бірақ өкілдер палатасының қолдауына ие болмай жатыр.
Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров 25 ақпанда "Украина. 2024-жыл" форумында Батыс уәде еткен қару-жарақтың жартысы уақытында келмей жетқанын жеткізген.
ПІКІРЛЕР