Accessibility links

Қостанай облысында ауыл әкімі дарға асылған күйі табылды


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округының әкімі Тастемір Тұрсынбаев.
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округының әкімі Тастемір Тұрсынбаев.

19 наурызда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округының әкімі Тастемір Тұрсынбаев дарға асылған күйі табылды, деп хабарлады жергілікті "ТоболИнфо" сайты.

Ақпаратқа қарағанда, ер адамның денесі үйінің ауласынан табылған. Басылым дереккөздері шенеунік өзіне қол салған болуы мүмкін деп болжайды.

Қостанай облыстық полиция департаменті Ұзынкөл ауданында ер адамның денесі үйінің ауласынан табылғанын растап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

"Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Қажет тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды" деп жазылған полиция хабарламасында. Полиция тергеу құпиялылығын алға тартып, басқа ақпарат бермеді.

"ТоболИнфо" сайтының хабарлауынша, Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында туған, мамандығы мал дәрігері. 16 жыл бойы Петропавл ауылдық округының әкімі болған. 2015-2018 жылдар аралығында Пресногорьков ауылдық округына жетекшілік еткен. Біраз үзілістен кейін 2023 жылы 13 маусымда қайта әкім болған.

XS
SM
MD
LG